СТАЦИОНАР ЖАҒДАЙЫ
Көпсағаттық, тәуліктік және көп тәуліктік зерттеулер кезінде палатада пациент және бір еріп келуші адам бірге орналастырылады (жайлылық пен қауіпсіздік үшін). Біз еріп келушіге толыққанды ұйықтайтын орын, сондай-ақ пациент пен еріп келушіге күніне үш рет тамақ ұсынамыз. Палатада барлық қажетті жағдайлар бар: жеке санитарлық торап, тоңазытқыш, теледидар, ас ішу аймағы және жеке заттарды сақтауға арналған орын.